Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің 50 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған «MusicTeacherSkills – 2026» республикалық байқауының алғашқы күні жоғары деңгейде өтті. Байқау Қарағанды облысының білім басқармасының қолдауымен және «Talap» КЕАҚ келісімі негізінде оқу-әдістемелік бірлестіктің бекітілген жоспарына сай жүргізілуде.
Салтанатты ашылуда Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Насимуллин Бисенбек Джамбулович қатысушыларға сәттілік тілеп, байқаудың болашақ музыка пәні мұғалімдері үшін маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, «Talap» КЕАҚ ТжКОБ әдіснамасы және мазмұны басқармасының бас менеджері Амиржанова Мейрамгүл Жұмалдинқызы онлайн форматта құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға қолдау білдіріп, сәттілік тіледі.
Колледж директоры, ОӘБ төрайымы, педагогика ғылымдарының магистрі Уатаева Гүлмира Сұлтанмұратқызы қатысушыларға алғыс білдіріп, республикалық деңгейде алғаш рет өтіп жатқан бұл байқауды алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғастыру жоспарланып отырғанын жеткізді.
Байқаудың мақсаты – болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, шығармашылық әлеуетін арттыру және педагогикалық тәжірибе алмасуға жағдай жасау.
Байқауға еліміздің түрлі өңірлерінен 10 колледждің студенттері қатысуда:
– Жаркент жоғары педагогикалық колледжі
– Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі
– Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі
– Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі
– Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжі (Петропавл)
– Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі
– Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжі
– Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі
– М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
– Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі
Алғашқы күні қатысушылар келесі модульдер бойынша өз шеберліктерін көрсетті:
🔹 Модуль А «Өзін-өзі таныстыру» – АКТ және ЖИ арқылы бейнеролик
🔹 Модуль В «Шығармашылық баттл» – музыкалық аспапта ойнау және вокал
🔹Модуль D «Шулы аспаптар» – ырғақтық импровизация
🔹 Модуль Е «Музыкалық викторина» – музыкалық шығармаларды есту арқылы анықтау
Қатысушылар музыкалық орындаушылық, педагогикалық шеберлік және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсетті. «MusicTeacherSkills – 2026» республикалық байқауының алғашқы күні шабытқа, жаңа тәжірибеге және кәсіби дамуға толы мазмұнды алаң болды.