Күзгі мектеп туралы ақпарат

Күзгі мектеп туралы ақпарат

Қарағанды облысының Білім басқармасының тапсырмасы бойынша,Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдістемелік көмек көрсету және пәндік құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында 2020 жылдың 5-13 қараша аралығында ZOOM платформасында онлайн-режимде Күзгі мектеп өткізеді.

Күзгі мектеп аясында келесі тақырыптарда проблемалық курстар мен семинарлар өтеді:

  1. Дінтану пәнін оқытатын мұғалімдер үшін «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні бойынша;
  2. «Болашақ басшы» атты кадрлық резерв мектебі;
  3. Қазақ тіліне жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттардың пәндік кафедраларының басшылары үшін«Кәсіби дамудың негізі»;
  4. «Қашықтықтан BOOM» жобасы аясында бейнемонтаж негіздері;
  5. «Web-шебер» жобасы бойынша«Web-дизайн»;
  6. «IT сарапшы» жобасы бойынша «Компьютерлік желілер мен жүйелер»;
  7. «Зейін» жобасын іске асыру бойынша семинарлар;
  8. Олимпиада тапсырмаларын әзірлеу және дайындау бойынша облыс педагогтеріне арналған семинар-тренингтер меншеберлік сыныптар;
  9. «Мектеп қауіпсіздігі командасы» жобасы аясында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтерге арналған оқыту семинарлары.

Сонымен қатар, математика пәні мұғалімдерінің форумы, математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңі, «Үздік жыл психологы – 2020»және«Үздік логопед–2020» облыстық байқаулары өтеді.