Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті

2026 жылғы 26 ақпанда Қарағанды облысының білім басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаменті білім саласындағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларына арнап өткізді.

Семинарды Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Б. Насимуллин ашып, кіріспе сөз сөйледі. Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Б. Макеев аталған тақырыптың өзектілігіне тоқталып өтті.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пулдың спикері Алтынай Ислямовна Сүлейменова «Квазимемлекеттік сектордағы мүдделер қақтығысы» тақырыбында баяндама жасап, аталған саладағы өзекті мәселелер мен оларды болдырмау тетіктеріне тоқталды.

Іс-шараға колледждер мен мектепке дейінгі ұйымдардың директорлары офлайн және онлайн форматта қатысты. Қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, әдеп нормаларын сақтау және ашықтық қағидаттарын нығайту бағытында өзекті ақпарат алды.

Семинар қорытындысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, саладағы заңнамалық талаптарды сақтау және мүдделер қақтығысының алдын алу бойынша нақты ұсыныстар айтылды.