«Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы ақпарат

«Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы ақпарат

«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 157 бұйрығына сәйкес облыста «Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті.

Биыл "педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңына сәйкес конкурстың облыстық кезеңінің шарттарына жеңімпаздарға кемінде 300 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы төлеу туралы өзгерістер енгізілді.

Байқаудың облыстық кезеңіне 104 мұғалім қатысты, оның ішінде 86 - мектепке дейінгі және орта білім беру, 8 – қосымша білім беру, 10-техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері.

Ашықтықты қамтамасыз ету үшін сараптамалық комиссия және лауреаттарды іріктеу бойынша конкурстық комиссия құрылды, оған білім басқармасының, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің, ҚР «Қызыл Жарты Ай» қоғамы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды филиалының, облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Е. А. Букетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өкілдері кірді.

14 педагог облыстық кезеңнің жеңімпаздары болды:

  • Садыкова Баян Абаевна - Қарағанды қ. «Куаныш» б/б КҚММ, тәрбиеші;
  • Арконова Сандугаш Толегеновна – Қарағанды қ. «№93 Гимназия» КММ, биология пәні мұғалімі;
  • Бейсенгалиева Сания Токаевна - Қарағанды қ. «№97 Гимназия» КММ, орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі;
  • Бимендина Дана Жанайдаровна - Жаңаарқа ауданының О.Жумабеков атындағы ОМ базасындағы, бастауыш сынып мұғалімі;
  • Жұмағұл Меруерт  Асериятқызы – Бұхар Жырау ауданының Көкпекті ОМ, химия пәні мұғалімі;
  • Ибраева Айгуль Сайдахметовна – Ақтоғай ауданының Сарышаған ОМ, математика және физика пәні мұғалімі;
  • Мақсұт Нұрсара Мұқатайқызы – Қарағанды қ. Дарын ММИ, математика пәні мұғалімі;
  • Шарипова Гульнур Баймбеткызы – Балхаш қ. С. Сейфуллин атындағы №7 МГ, орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі;
  • Ералиева ГуляйшаСауырбаевна - КГУ Жезқазған қ. №13 ЖОББМ, география және биология пәні мұғалімі;
  • Максименко Никита Валерьевич – Саран қаласының №17 МГ, тарих пәні мұғалімі;
  • Оспанова Гульнара Сериковна - Қарағанды қ. экономика, бизнес және құқық колледжі, жалпы білім беру пәндерінің педагогы;
  • Кантеев Айдар Калиевич - Қарағанды жоғары политехникалық колледжі" КМҚК, жалпы білім беру пәндерінің педагогы;
  • Усольцова Ольга Владимировна - Қарағанды қ. "№8 арнайы мектеп-интернаты" КММ, дефектолог;
  • Павлова Светлана Анатольевна- Абай ауданының "Дубовка ауылының Балалар өнер мектебі" КМҚК, қосымша білім беру педагогы.

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, 300 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем алды.

2 педагог республикалық кезеңнің жеңімпаздары болды:

  • Табынбекова Мейрамкуль Амирбековна - Қарағанды қ. Жамбыл атындағы ММИ, тарих пәні мұғалімі;
  • Тусупханова Бану Амановна - Шет ауданының Ж.Ақылбаев атындағы МГ базасындағы РО, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі.

Жеңімпаздар медальдармен марапатталып, 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем алды.