Республикалық "Үздік педагог" байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

Республикалық "Үздік педагог" байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

Республикалық "Үздік педагог" байқауының

облыстық кезеңінің қорытындысы

 

Ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен жетістіктерін айқындайтын Республикалық "Үздік педагог" байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.

Бұл конкурс педагог мәртебесін көтере отырып, педагогтердің түрлі шығармашылық қызметке деген қызығушылығын оятады және білім беру процесінің дамуына ықпал ететін әдістемелерді жетілдіреді.

Биыл байқаудың облыстың кезеңіне 30 үздік педагог жұмыстарын ұсынды. Өңірлік конкурстық комиссия педагогтердің тәжірибелерін саралап, бағасын берді. Нәтижесінде, облысымыздың 9 педагогінің жұмысы үздік деп танылды.

Конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары дипломмен марапатталып, Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі» заңына сәйкес 300 АЕК мөлшерінде сыйақы алды.

Қарағанды облысының «Үздік педагогтері»:

  1. Алибаева Гульжан Сакенкызы, Шет ауданы білім бөлімінің Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі.
  2. Нурпеисова Кунсулу Алимовна, Шахтинск қаласы білім бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі.
  3. Колтунова Анна Валерьевна, Нұра ауданы білім бөлімінің Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі.
  4. Султанова Елена Анатольевна, Балқаш қаласы білім бөлімінің Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінің  химия пәнінің мұғалімі.
  5. Шайжанова Гулзада Карифуллаевна, Балқаш қаласы «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы.
  6. Кабылова Меруерт Блялкызы, Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы.
  7. Шибаева Салиман Рамазановна «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының химия пәнінің мұғалімі.
  8. Туткушева Багдат Толегеновна, Шет ауданы білім бөлімінің Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі.
  9. Алибекова Гульнара Асанбекова, Қарағанды қаласы білім бөлімінің №74 жалпы білім беретін мектебінің химия пәнінің мұғалімі.

Республикалық кезеңнің жеңімпаздары Алибаева Гульжан Сакенкызы, Кабылова Меруерт Блялкызы «2025 жылдың үздік педагогі» атағының иегері атанып, 1000 АЕК мөлшерінде сыйақымен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтай отырып, үздік ұстаздарымыз көп болсын деп тілейміз!