«Үздік педагог-2025» Республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы

«Үздік педагог-2025» Республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы

«Үздік педагог-2025»

Республикалық конкурсының

облыстық кезеңін өткізу туралы

 

«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына сәйкес, конкурстың ІI облыстық кезеңі ағымдағы жылдың 28 шілдесі күні басталады: 28 шілде – 5 тамыз аралығында құжаттарды жүктеу жүргізіледі, 6-15 тамыз аралығында  өңірлік комиссияның шешімі шығады, жеңімпаздар конкурстың ІІІ республикалық кезеңіне жіберіледі.

Өңірлік комиссия шешімінің қорытындылары бойынша 100 (жүз) балдың кемінде 80 (сексен) пайызын жинаған 10-ға  (он) дейінгі Конкурсқа қатысушы Конкурстың ІІ кезеңінің жеңімпаздары болады.

«Үздік педагог» конкурсына құжаттарды жүктеу «Үздік ұстаз» https://uzdikustaz-nobd.edu.kz/#/sign-in платформасы арқылы жүргізіледі.

Сондай-ақ, «Үздік педагог» конкурсына меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.

Облысымыздың үздік педагогтерін осы конкурсқа қатысуға шақырамыз.