Компьютерлік техникалармен қамтамасыз ету бойынша ақпарат

Компьютерлік техникалармен қамтамасыз ету бойынша ақпарат

 Жаңа оқу жылының қарсаңында Қарағанды облысының білім беру ұйымдарын компьютерлік техникалармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ол үшін ҚР Үкімет резервынан 28058 компьютер алуға 4 млрд. 345 млн. 314 мың 927 тенге қаражат бөлінді (2920- компьютер, 21355 – ноутбук, 3783 - планшет).

Компьютерлік техникаларды сатып алуды ашық түрде өткізуді қамтамасыз ету үшін бұйрықпен жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына білім басқармасының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің, кәсіпкерлер палатасының, мемлекеттік сатып алу басқармасының, цифрландыру басқармасының өкілдері енгізілді. (барлығы 13 адам).

13 комерциялық ұсыным түсті («Логиком» АҚ, «Kcell» АҚ, «С.М.Киров» атындағы Завод АҚ, «Базисный магазин» ЖШС, «АТЕКО» ЖШС, «Best Buy 01» ЖШС,  «ПлюсМикро» СҮ, «Corvus Technologies», «КазИнтерСервис-Астана» ЖШС, «Azimut Solutions» ЖШС, «ЮБА и К» ЖШС, «Компания Эврика», «LABORTECH INTERNATIONAL» ЖШС).

Жұмыс тобының отырысы болып, онда 13 коммерциялық ұсыныс берген потенциалды жеткізушілердің өкілдері тыңдалды.

Қарағанды облысының білім беру ұйымдарын  компьютерлік техникалармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс тобының шешімімен келесі жабдықты жеткізушілер анықталды:

  1. Компьютер – жалпы құны 462 236 000 теңгеге 2920 бірлік. (Бір бірлік құны 158300 теңге). Жеткізуші «Логиком» АҚ. Жеткізу мерзімі келісім шартқа сәйкес қол қойылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн.

Келісім шарт 18 тамызда келісілді, мәртебесі мемлекеттік сатып алу рәсімдері бойынша шағымдануға 5 күнтізбелік күн.

  1. Ноутбук - жалпы құны 3 437 941 450 теңгеге 21 355 бірлік. (Бір бірлік құны 160 990 теңге). Жеткізуші «КазИнтерСервис-Астана» ЖШС. Жеткізу мерзімі келісім шартқа сәйкес қол қойылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн.

Келісім шарт 18 тамызда келісілді, мәртебесі мемлекеттік сатып алу рәсімдері бойынша шағымдануға 5 күнтізбелік күн.

  1. Планшет – жалпы құны 276 159 000 теңгеге 3783 бірлік. (Бір бірлік құны 73 000 теңге). Жеткізуші «LABORTECH INTERNATIONAL» ЖШС. Жеткізу мерзімі келісім шартқа сәйкес қол қойылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн.

Келісім шарт 18 тамызда келісілді, мәртебесі мемлекеттік сатып алу рәсімдері бойынша шағымдануға 5 күнтізбелік күн.

Жабдықтарға төлем өнім жеткізіліп және қабылданғаннан кейін жүргізіледі.

Қазіргі уақытта 660 компьютер жеткізіліп, региондар бойынша таратылды.