2020 жылғы 18 қыркүйекте білім басқармасы zoom-конференция режимінде облыс әкімінің орынбасары А.Әбдіқадыровтың төрағалығымен барлық мүдделі бизнесмендер мен құзыретті ұйымдарды шақыра отырып, жеке кәсіпкерлермен және МЖӘ дамыту жөніндегі уәкілетті органдармен кездесу өткізді.
Жеке серіктестерді конкурс тәсілімен анықтау тәртібі туралы қаржы басқармасының басшысы А. Мұқанов айтып берді. Қазақстандық МЖӘ орталығының фронт-офисінің жобаларды басқарушысы А.Садықова мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамадағы өзгерістерді мәліметке жеткізді. "Қаржы орталығы" АҚ мемлекеттік жобалар операторы директорының м.а. Сатыбалдин Алпамыс Айдарұлы МЖӘ жобаларының жаңа нысандары мен тәсілдерін, сондай-ақ оларды қаржыландыруды таныстырды.
Жобаларды ілгерілету және жеке кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеу үшін мұндай кездесулерді тұрақты негізде өткізу жоспарлануда.