2025 жылғы 20 мамырда «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен білім басқармасының базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары мен бухгалтерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық қағидаттарын ілгерілету және Заң және тәртіп идеяларын насихаттау үшін TEDx форматындағы сессия ұйымдастырылды.
Іс-шараның спикері ретінде Халықаралық құзыреттілік академиясының директоры, ҚР Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, психология ғылымдарының докторы, «Samruk Business Academy» профессоры Асылбекова Лейла Өмірзаққызы шақырылды.
Сессия барысында спикер кәсіби ортада адал құндылықтарды ұстанудың маңыздылығына тоқталып, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін теріс әсерін нақты мысалдармен көрсетті. Сонымен қатар, әр маманның жеке жауапкершілігі мен этикалық ұстанымдарына назар аударылып, қатысушылармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.
Іс-шара TEDx форматына сай интерактивті өтті – қатысушылар сұрақтар қойып, пікірлерін білдіріп, білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдарын талқылады.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.