Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және Әдеп жөніндегі уәкіл мектебі өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және Әдеп жөніндегі уәкіл мектебі өтті

2025 жылғы 20 мамырда «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, «Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен білім басқармасының базасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және Әдеп жөніндегі уәкіл мектебі өткізілді. Іс-шара техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары мен бухгалтерлерінің білімін жетілдіру және кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Аталған мектеп аясында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, корпоративтік этика мен комплаенс салаларындағы заманауи талаптар мен тәжірибелер туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Оқыту барысында комплаенс мәдениетін қалыптастыру, этикалық нормаларды сақтау, мемлекеттік қызметте және білім беру ұйымдарында адалдық қағидаттарын нығайту мәселелері кеңінен қарастырылды.

Курсқа арнайы шақырылған спикерлер:

  • Асылбекова Лейла Өмірзаққызы – Халықаралық құзыреттілік академиясының директоры, Қазақстан Республикасы Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, психология ғылымдарының докторы, «Samruk Business Academy» профессоры.
  • Бекимова Корлан Сабетовна – Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі.

Шара соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Бұл курс қатысушыларға өз мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және әдептілік стандарттарын сақтау бойынша жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыруға бағытталған маңызды білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік берді.