Бүгін білім басқармасының басшысы оқу жылының аяқталуы және оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша брифинг өткізді.
Оқу жылы ресми түрде 23 мамырда аяқталады. Сол күні барлық мектептерде бірыңғай сынып сағаты өтеді. 11-сынып түлектеріне арналған қоштасу кештері 23 немесе 24 мамырда мектеп қабырғасында өткізіледі. Іс-шараларды мейрамханаларда өткізуге, елді мекеннен тыс жерлерге шығуға, аниматорлар мен мерекелік агенттіктерді тартуға қатаң тыйым салынған.
9 және 11-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестация мерзімдері белгіленді, аттестаттарды тапсыру маусым айында жоспарланған. ҰБТ негізгі кезеңі басталды, әр түлек тестілеуден екі рет өтіп, ең үздік нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады.
Жаз мезгілінде оқушыларды сауықтыру және демалыспен қамту жұмыстары кең ауқымда жүргізіледі. Оқушылар үшін лагерьлер, арнайы алаңдар мен жазғы жұмыс бағдарламалары ұйымдастырылады. Балалардың қауіпсіздігі басты назарда: профилактикалық іс-шаралар мен педагогтерге алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту жүргізіледі.
Сонымен қатар, колледждерге құжат қабылдау мерзімдері мен талаптары да жарияланды. Құжаттарды электронды үкімет порталы немесе колледждердің қабылдау комиссиялары арқылы тапсыруға болады.
📎 Толық ақпарат пен нақты деректер төмендегі брифинг сілтемесінде көрсетілген.
https://www.youtube.com/live/YwbJPIh3lms