«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесін құру және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтынын хабарлайды. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымдарын дамытудың басым бағыттарын келісу үшін, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылау жасау, ішкі тәртіптің жарғысы мен ережелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар, білім беру ұйымдарын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар енгізуге, жетім балалар мен балаларды орналастыру мәселелері жөніндегі жүйені жетілдіруге, білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлеп, білім беру ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлу жөнінде келіседі және хаттамалық шешім шығарады, бағыттарды, нысандарды таңдау бойынша оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды, демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдалану мөлшері мен тәртібін айқындайды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді және т.б. сатып алу процесіне мониторинг жүргізеді.
Шақырылады: жергілікті өкілді, мемлекеттік, атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, ата-аналар комитеті ұсынған сыныптардың, курстардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір-бір ата-анасынан немесе заңды өкілінен, қайырымдылық жасаушылар. қорғаншы және қамқоршы органдардың өкілдері, үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері, қоғамдық кеңестің өкілі, тәрбиеленушілердің өзін-өзі басқару органдарының өкілдері.
Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік ережелері мен білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2017 жылы 27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (ҚР Оқу ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 жылғы № 56 бұйрығымен өзгерістер енгізілген).
Ұсыныстарды қабылдаудың аяқтау мерзімі: 2025 жылғы 20 қазан.
Ұсыныстар «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ кеңсесіне келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Қарағанды қ., Әлиханов көшесі, 19.
Байланыс телефоны: 410649
Электронды мекен-жай: karuo@rambler.ru