Меню
Страницы

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Балаларға арналған қосымша білім беру бойынша Бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (БМТ) орналастырудың пилоттық жобасы аясында әмбебап ваучерді алу Қарағанды облысында oqu.edu.kz платформасы арқылы жүзеге асырылады.

Қарағанды облысында тұрақты немесе уақытша тіркеуі бар 4 жастан 18 жасқа дейінгі барлық балалардың ата-аналары ваучер алу үшін кезекке тұра алады.

Кезекке тұру үшін:
1. «OQU» ақпараттық жүйесіне кіріңіз (https://oqu.edu.kz).
2. ЖСН енгізіп және SMS растау арқылы тіркеліңіз. SMS растау ата-анаға да, әр балаға да жеке-жеке қажет.
3. «Менің өтінімдерім» бөлімінде өтінім беріңіз.
4. Ваучерлер кезек тәртібімен беріледі. Ваучер берілгенін күтіңіз. Кезекті мына жерден көре аласыз: https://oqu.edu.kz/kz/krg/queue 
5. Ваучер берілгеннен кейін сізге хабарлама келеді. 2 жұмыс күні ішінде оның қолданылуына келісіміңізді растауыңыз қажет.
6. Келісімді растаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүйеден бос орындары бар үйірме/секцияны таңдап, құжаттарды жолдап, қосымша білім беру ұйымының растауын күтіп, сол ұйыммен шарт жасасуыңыз қажет. Шартқа қол қою үшін eGov mobile немесе ЭЦҚ-кілт қажет.

Бейненұсқаулықтар:
1. Тіркелу бойынша – https://youtu.be/B4pQWkMWIjk 
2. Ұйымда оқуға түсу бойынша – https://youtu.be/z-D_ajVDVtk 

Кезекте тұрып жатқан ата-аналарға да платформада тіркелу қажет. Кезектің қозғалысын «Менің өтінімдерім» бөлімінен көре аласыз.

Мемлекеттік тапсырыс аясында үйірме мен секцияларға барып жүрген балалардың ата-аналарына да табельді растау үшін платформада тіркелуі қажет.

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар: https://oqu.edu.kz/kz/krg/faq 
Техникалық сұрақтар бойынша oqu.edu.kz сайтында көрсетілген Байланыс орталығының қызметіне хабарласа аласыз.

https://oqu.edu.kz/kz/krg 

Социальные медиа
Инстаграм
Файсбук
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты