
Қала әкімі “Транко Balkhash” ЖШС ұжымымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді және биылғы жылға арналған жоспарлармен бөлісті. Кездесуге 270 қызметкер қатысты.
Кездесудің екінші бөлімінде ашық сұхбат жүргізіліп, жұмыскерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Әр сұраққа жеке тоқталып, нақты жауап беруге тырысты.
Осындай кездесулер біз үшін маңызды – халықтың пікірін тыңдап, мәселелерді бірге талқылау ортақ мақсатымызға жетуге көмектеседі. Алдағы уақытта да осындай ашық диалог жалғасады!