Амал мерекесі құтты болсын!!!

Амал мерекесі құтты болсын!!!

14 наурыз күні тұрғындар көктемді қарсы алып, бір-біріне жылы лебіздерін айтып, қарттарға құрмет көрсетеді. Көрісу немесе қауышу күні, Амал мерекесі деп те аталады. Бұл күн жаңа жылдың басы болып саналады. Түрлі-түсті киім киген адамдар «Бір жасың құтты болсын», яғни «Тағы бір жыл құтты болсын» деп қол алысып немесе құшақтасып амандасады. Бұл дәстүрдің мәні – қыстан аман-есен шығып, көктемге аяқ басқанына, туған-туыстарымен аман-сау кездескеніне шүкіршілік ету. Туысқандар бір-біріне қонаққа келіп, денсаулықтарын сұрап, ренжіскен адамдармен татуласады. Наурыз мейрамының хабаршысы: Көрісу күні Қазақстанда тойланады.