Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж  азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек   тағайындау туралы

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына, Балқаш қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 24/176 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет өмірлік қиын жағдайда қалған, Балқаш қаласы аумағында және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (Гүлшат, Саяқ) аумағында тұрақты тұратын адамдарға бір реттік әлеуметтік көмек түрінде көрсетіледі.

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көмекке мұқтаждар санатына азаматтарды жатқызу үшін негіз болып табылатындар:

- табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан зиян келтірілсе;

- амбулаторлық емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «туберкулез» ауруы болса;

- операциядан кейінгі емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «қатерлі ісік» ауруы болса;

- адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушы және адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған әлеуметтік мәні бар ауруы болса, оның ішінде балаларда;

- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар, босап шыққаннан күннен бастап 3 айдан кеш емес уақытта жүгінетін болса.

Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.

 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші («Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ);

2) кент әкімі;

3) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама.

 

 

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ