Ұстаздар күнімен!

Ұстаздар күнімен!

29 қыркүйекте Хамзин атындағы мәдениет сарайында Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Ұстаздарды құттықтай отырып, қала әкімі Қайрат Қамзин ұстаздың маңыздылығын атап өтті. Ұстаз күн сайын адам бойында адалдықты, әділдікті, өз елін сүюді, еңбекті құрметтеуді тәрбиелейді.

Біз, жаһандану заманында адами капиталды тәрбиелеуде алдына қойылған міндеттерді табысты жүзеге асыра алатын қабілетті, жоғары деңгейдегі білімді және талантты ұстаздарымызды мақтан тұтамыз.

«Қаламыздың білім беру саласын дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге баға жетпес үлес қосқан ұстаз – ардагерлерге ерекше алғыс айтамын!
Бала жанының бағбаны - атанған ұстаздарымызға деген құрметіміз ерекше. Бүгінгі мереке күні сіздерге зор денсаулық, бақыт, сарқылмас күш-қуат , білім шыңына шығармашылықпен өрлей берулеріңізге тілектеспін! Білімді және саналы шәкірттеріңіз көп болсын!», - деді Қайрат Камзин.