"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы"

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы"

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 2-бабына сәйкес тек мемлекеттік органдар қиған неке (ерлі-зайыптылық) танылады.
​Қазақстан Республикасының Неке-отбасы заңнамасы ерлер мен әйелдердің некесі (ерлі-зайыптылық) ерікті, ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі, балаларды отбасында тәрбиелеудің басымдығы, олардың дамуы мен әл-ауқаты қағидаттарына негізделеді.
​Қазіргі уақытта некені тіркеу мерзімі бір айды құрайды, тіркеуші орган құжатпен расталған дәлелді себептер болған жағдайда бұл мерзімді қысқартады немесе ұзартады.
​Некеге тұру кезінде көптеген ерлі-зайыптылар некені тіркеу мерзімін қысқартқысы келетінін және олардың тілектерін құжатпен растайтынын ескере отырып, неке қию мерзімдерін қысқарту және отбасын құрудағы кедергілерді жою мақсатында ҚР Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту, ақпараттық қауіпсіздік және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 14.07.2022 жылғы Қазақстан Республикасының Заңымен неке қию (ерлі-зайыпты болу) мерзімін бір айдан некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он бес күнге дейін қысқартылды.
​ҚР Әділет министрінің бұйрығына енгізілген өзгерістер а.ж. 15.08 бастап күшіне енеді.
​Сондай-ақ, некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) қалауы бойынша ерекше мән-жайлар (жүктілігі, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде мерзімді қысқарту немесе ұлғайту мүмкіндігі туралы нормалар сақталды.