Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Жиі жағдайларда азаматтар өздерінің тегін, атын, әкесінің атын өзгерту мәселесі бойынша жолығып жатады. Алайда, азаматтарға барлық жағдайларда аты-жөнін өзгертуге рұқсат етілмейтінін ескерген жөн, яғни, ол үшін азаматтың тек қана қалауы жеткілікті емес.  Заңнамамен азаматтың тегін, атын, әкесінің атын өзгертуге рұқсат етілетін бірнеше дәлелді себептер қарастырылған. Олар келесідей болып ҚР «Неке /ерлі-зайыптылық/ және отбасы туралы» Кодексінің 257 бабында көзделген:                                                                              1) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң оғаш естiлуi;                            2) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң айтуға қиындық келтіруі;  3) егер некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейiнгі тектерінде қалса, жұбайымен ортақ текте болғысы келген жұбайдың тілегі;                                            4) егер неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезде бұл туралы мәлімделмесе, некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;                            5) бұрынғы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған балаларымен ортақ текте болғысы келуі;                                        6) жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;                                                                                              7) жұбайы қайтыс болған жағдайда өтiнiш берушi некеге дейiнгi тегiнде болғанда, балаларымен ортақ текте болғысы келуі;                                                                                                            8) өтініш беруші таңдаған ата-аналарының бірінің ұлтына (ата-аналарының ұлты әртүрлі болған кезде) сәйкес келетін атты және (немесе) текті алғысы келуі;                                                        9) құжаттардағы атынан өзгеше, өмірде нақты қалыптасқан атын алғысы келуі;                                                                                10) егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде жұбайының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін алғысы келуі;                                                                                                              11) ұлттық дәстүрлерге байланысты әкесiнiң немесе атасының аты бойынша текте болғысы келуі;                            12) өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі мен аты бойынша текті және әкесінің атын алғысы келуі;                    13) жынысын хирургиялық жолмен өзгерткен кезде таңдаєан жынысқа сәйкес келетін атты, әкесінің атын, текті алғысы келуі кезінде жүргізіледі:               Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту 16 жасқа толған және жеке басын растайтын құжаттары: жеке куәлік немесе төлқұжаты бар азаматтарға жүргізілу мүмкін. Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту үшін мемлекеттік баж салығы көлемі 2 айлық есептік көрсеткішті құрайды, жаңа туу туралы куәлік үшін - 0,5 АЕК құрайды. Аталмыш өзгерту тек қана азаматтың жеке арызы бойынша жүргізіледі, сенімхат бойынша өкілдік ету мүмкін емес.

Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркегеннен кейін азаматқа тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік беріледі. Бұл құжат азаматтың аты-жөнінің өзгергендігін дәлелдейді, сонымен қатар, жеке куәлігі мен төлқұжатын ауыстыруға негіз болып табылады. Жеке куәлік пен төлқұжатты ауыстырғаннан кейін, көлік жүргізуші куәлігін және жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттарды /бар болған жағдайда/ ауыстыру қажет. Аттестат, диплом, еңбек кітапшасы секілді құжаттар ауыстыруға міндетті емес. Өйткені, қажет болған жағдайда, аты-жөнін ауыстырғанын растау үшін тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік ұсынылады.