ТТЖ-ға шетелге шығу

ТТЖ-ға шетелге шығу

Өмірімізді түбегейлі өзгертер маңызды шешімдерді қабылдауға тура келетін кездер болады. Осындай шешімдердің бірі – басқа елге тұрақты тұруға көшу. Егер тұрақты тұру орнын өзгертем десеңіз арнайы құжаттарды рәсімдеу қажет. Мұны ХҚО-ға жүгіну арқылы жасауға болады. Ол үшін келесі құжаттарды ұсыну керек:
* өтініш-сауалнама
* * жеке куәлік және паспорт, 16 жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәлігі
* егер Қазақстан аумағында заңды түрде асырауыңыз міндетті отбасы мүшелері қалатын болса, алимент төлеу туралы келісім
* көшу туралы шешім қабылдаған кезде он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық мекемесінің қорытындысы
* егер ата-ананың бірі 18 жасқа толмаған баламен тұрақты тұруға көшсе, екінші ата-ананың нотариалды келісімі
* мемлекеттік бажды төлеу туралы чек
Қызмет көрсету мерзімі – 20 жұмыс күні, құны – 1 АЕК
Қадамдарыңызды ой таразысына салып, дұрыс шешім қабылдаңыз!