Қазақстанда ЖШС қалай жабуға болады?⠀⠀

Қазақстанда ЖШС қалай жабуға болады?⠀⠀

Кәсіпкер болу - батылдық пен тәуекелге бел байлауды қажет етеді. Алғашқы қадамдарда олжалы табысқа жету - барлығына бірдей емес. Кейде бизнесті жабуға тура келеді. Бұл орайда мемлекеттік органдар өкілдерінің сізге қоятын сұрақтарының болмауы үшін оны заңды түрде дұрыс рәсімдеу маңызды.⠀

Бүгін біз сізге өз ЖШС қалай жабуға болатынын айтамыз. Мұны екі жолмен жасауға болады.⠀

Еgov.kz арқылы:⠀
- Порталда авторизациядан өтіп, іздеуде «Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» қызметін табыңыз. Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз.⠀
- Өтінімдерді толтырып, құжаттарды сканерлеңіз. Егер сіз басшы болсаңыз, ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қойыңыз.⠀
- Қызмет үшін мемлекеттік баж төлеңіз.⠀

ХҚО арқылы:⠀
- Телеграм-бот, Egov.kz немесе 1414 байланыс орталығы арқылы кезекке алдын ала тапсырыс беріңіз.⠀
- ХҚО операторынан заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тіркеуге өтініш беріңіз. Өзіңізбен бірге қажетті құжаттарды алыңыз.⠀
Қызмет көрсету уақыты - 5 ж.к.⠀

Кез-келген сәтсіздікті мүмкіндікке айналдыруға тырысыңыз!⠀