Баланың тууын тіркеу туралы өтінішті еgov.kz порталы арқылы онлайн түрде берудің қадамдық нұсқасы.

Баланың тууын тіркеу туралы өтінішті еgov.kz порталы арқылы онлайн түрде берудің қадамдық нұсқасы.

Баланың тууын тіркеу туралы онлайн-өтінішті тек ата-анасының біреуі ғана бере алады.
1 қадам. Ұсынылған тәсілдердің бірін пайдаланып, порталға кіру қажет:
ЭЦҚ арқылы
Бір жолғы жасырын сөз
сим-картадағы ЭЦҚ
Digital-ID,
QR-код.
Логин/жасырын сөз.
2 қадам. «Отбасы» парағына кіріңіз.
3 қадам. «Бала» парағына өтіп, «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» қызметін таңдаңыз.
4 қадам. Парақшаның оң жағындағы үстіңгі бұрышындағы «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.
5 қадам. Өтініш бланкісі шығады, бұнда көрсетілген барлық жолдарды толтырамыз.
Алдымен, тұратын облысты толтырамыз, мысалы: «Қарағанды облысы».
Келесі, өтініш жіберілетін АХАТ бөлімін таңдаймыз (Балқаш қаласында – «Балқаш қаласы әкім аппартының АХАТ бөлімі»).
Кейін өтініш берушінің байланыс телефонын көрсетеміз.
Әрі қарай – баланың ата-анасы туралы мәліметтерді толтырамыз: білімі, жұмыс орны.
Ата-анасы туралы барлық жолдарды толтырғаннан кейін, «Бұдан әрі» батырмасын басамыз.
Өтініштің «Бала туралы мәлімет» деген келесі кезеңіне аударып жібереді. Бұл кезеңде автоматты түрде туылған балаңыз туралы мәліметтер шығады: жынысы, туған күні, дүниеге келген медициналық мекеменің атауы.
Одан кейін баланың деректерін толтырамыз: оған берілетін тегін, атын, әкесінің атын.
Баланың аты-жөнін толтырған кезде аралас екі тілде толтыруға болмайтынын ескертеміз: тегін, атын және әкесінің атын бір тілде – қазақ немесе орыс тілінде толтыру қажет. Мысалы: «Нурлан Айнұр Жанибекқызы» деп толтыру дұрыс емес, дұрысы – «Нұрлан Айнұр Жәнібекқызы», «Кадырова Әйгерім Берикқызы» деп толтыру дұрыс емес, дұрысы – «Қадырова Әйгерім Берікқызы». Аралас, немесе қате толтырылған жағдайда АХАТ бөлімі баланың тууын тіркеуден бас тарта алады.
Барлық жолдарды толтырғаннан кейін «Бүдан әрі» батырмасын басамыз, Сізді келесі және соңғы «Қол қою» кезеңіне аударып жібереді.
6 қадам. Бұл кезеңде ұсынылған тәсілдердің бірін пайдаланып, өтінішке қол қою қажет.

   Қызметке қол қойғаннан кейін «Сұраныс өнделуде» деген мәртебе шығу керек, бұл сіздің өтініш таңдаған АХАТ бөліміне сәтті түскедігін білдіреді.                                                                    Қызмет көрсету мерзімі, яғни баланың тууының тіркелу мерзімі – өтініш жібергеннен кейін 2 жұмыс күнді құрайды.
Бір тәулік ішінде егов порталындағы сіздің жеке кабинетіңіздің үстіңгі оң жағында орналақан «Қызметтер алу тарихы» бөлімшесіне сіздің балаңыздың туу туралы куәлігі дайын болатын күні және АХАТ бөлімінің мекен-жайы көрсетілген хабарлама келіп түседі.
Дайын болған баланың туу туралы куәлігін тек қана ата-анасының біреуі немесе ата-ананың атынан нотариалды сенімхат негізінде басқа адам ала алады.
Көрсетілген күні АХАТ бөлімінен баланың дайын туу туралы куәлігін алып кетуге болады. Алар кезде өзіңізбен бірге: жеке куәлік түпнұсқасы, сенімхат бойынша басқа адам келсе – сенімхат түпнұсқасы болу қажет.