Құрметті ардагерлер, қымбатты балқаштықтар!

Құрметті ардагерлер, қымбатты балқаштықтар!

Құрметті ардагерлер, қымбатты балқаштықтар!

Баршаңызды қайсар рухтың , батырлықтың пен ерліктің мерекесі – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Адамзат тарихына өшпес сыз қалдырған екінші дүниежүзілік сұрапыл соғыстың зардабы тимеген отбасы жоқ.

Жыл сайын мамыр айында біз майдан даласында жанқиярлықпен шайқасқан майдангерлердің қаһарман ерліктерін, тылда жанкешті еңбек еткен қайсар ардагерлерімізді ерекше құрметпен еске аламыз.

Біз аталарымыз бен әжелеріміздің, әкелеріміз бен аналарымыздың қайсарлығын, қажыр-күшін, биік рухын бағалай отырып, бізге ашық аспан, бейбіт күн сыйлаған ерліктерін мәңгі есте сақтаймыз.

Жеңіс пен бейбітшілікке лайықты ұрпақ бола білу, қол жеткен жетістіктердің бағасын біліп, оны еселей түсу – біздің басты міндетіміз.

Денсаулықтарыңыз мықты, жандарыңыз сергек, ғұмырларыңыз ұзақ болсын, қадірлі ардагерлер! Баршаңызға бұлтсыз аспан, тыныштық пен молшылық, шаңырақтарыңызға қуаныш пен бақыт тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасының іргесі нық, бірлігі бекем болып, қуаты арта берсін!

Ізгі тілекпен Балқаш қ. әкімі, Ораз Тәуірбеков.