Құрметті балқаштықтар!

Құрметті балқаштықтар!

Құрметті балқаштықтар!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Отанды қорғау – жауапкершілігі зор, нағыз ерлерге тән қастерлі іс. Ерлік пен жеңістерге толы төл тарихымыз Отанын жанындай сүйіп, сол жолда өз өмірін бәйгеге тіккен хас батырларға кенде емес. Осынау батыр бабалар ұрпағы бүгінде Тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігі жолында аянбай тер төгіп жүр. Бұған Қазақстан Қарулы Күштерінің қазіргі асқақ айбыны айқын дәлел.

Қазақта «Отан үшін күрес – ерге тиген үлес» деген нақыл сөз бар. Сондықтан да, халқымыз елге қорған болуды қашанда қастерлі парыз, игілікті іс деп білген.

Еліміздің қауіпсіздігін абыроймен күзететін айбынды ұландарымыз көп болғай.

Аспанымыз ашық, шаңырағымыз кең, еліміздің іргесі берік болсын. Тәуелсіз еліміздің айбыны әрқашан асқақтай берсін!

Ізгі ниетпен, Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.