Құрметті балқаштықтар!

Құрметті балқаштықтар!


Қалалық автомобиль жолдарының сапасын арттыру біздің басты басымдықтарымыздың бірі болып табылады. 

Бүгін кезекті аппараттық кеңесте жол-құрылыс жұмыстарын бастауға дайындық мәселесі қаралды.

Ағымдағы жылы қалалық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі шеңберінде жалпы ұзындығы 1 км-ге жуық екі жол учаскесінің құрылысы, 7 көшеге орташа жөндеу, 10 688 м2 алаңдағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізіледі. 

Рысқұлов көшесінен (Ағыбай батыр көшесінен Бөкейханов көшесіне дейін) басқа барлық учаскелер бойынша жол құрылысшыларымен шарттар жасалды. Мұнда конкурстық рәсімдердің аяқталуын ескере отырып, мердігер 20 сәуірден кейін анықталады.

Құрылыс жұмыстарын бастауға дайындық қарқынды жүріп жатыр және жоспарланған мерзімде басталады. Жүргізілетін жұмыстардың сапасын бақылау техникалық қадағалаумен қамтамасыз етіледі.