Жұмыссыз қалған жағдайда әлеуметтік көмекті қалай аламыз?

Жұмыссыз қалған жағдайда әлеуметтік көмекті қалай аламыз?

              Жұмыссыз қалған жағдайда әлеуметтік көмекті қалай аламыз?

                 

         Егер сізді осындай сұрақ және еңбек қатынастарына байланысты басқа да мәселелер мазаласа, «Азаматтарға арналған үкіметтің» әлеуметтік-еңбек саласы бойынша ақпараттық-кеңес қызметтерін көрсететін Байланыс орталығына  1411 нөмірі арқылы хабарласа аласыз. Қоңырау тегін.

        Байланыс орталығы жұмыспен қамту және еңбек қатынастарына қатысты сұрақтармен қатар тағы да мынадай әлеуметтік мәселелер бойынша ақпараттық-кеңес береді: зейнетақымен жәрдемақы рәсімдеу, әлеуметтік көмек және әлеуметтік сақтандыру, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға онлайн-психологиялық консультация беруге өтінімдер қабылдау.

        Байланыс-орталығы күн сайын 09.00-20.00 сағат аралығында қоңыраулар қабылдайды. Сондай-ақ орталыққа 1411 нөмірі арқылы ғана емес,  www.info.mintrud.kz электронды поштасы және www.info.mintrud.kz web-порталы арқылы  жүгінуге болады.

        Айта кету керек, осыдан бірнеше ай бұрын «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы іске қосылды. Бұл пилоттық жоба аясында азаматтарға «Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жәрдем көрсету» және «Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік қызметтері көрсетіледі. Электрондық еңбек биржасын қолдану үшін қызметалушылар электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы порталдағы жеке кабинетіне кіруі тиіс.

 

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

 КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы

әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Балқаш қалалық бөлімі