Балқаштағы №15 мектеп-лицейде қазақ мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың бюсті ашылды.

Қала әкімі Ораз Тәуірбеков шараның құрметті қонағы болды.

Әлихан Бөкейхановтың қызметі жоғары адамгершілік пен ұлттық және азаматтық борышқа айрықша адалдықтың нағыз үлгісі болып табылады.

Гранит тұғырдағы қола мүсіннің биіктігі үш метрден асады. Салмағы - 200 келі.
Оның авторы - Жаубасар Қалиев, мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі. Мүсіндік ғимарат Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық қорының демеушілік қаражатына орнатылды.

- Ескерткіш орнатуда қандай да бір ерекше қиындықтар болды деп айта алмаймын. Мен осы қиын - қыстау кезеңдерде 4 млн теңге жинап, ойлаған істі жүзеге асыруға көмектескен әрбір адамға ризамын, - деді Әлихан Бөкейханов атындағы ҚҚ басшысы Махмұт Жарылғап.

Бюстің ашылуы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған және 2021 жылы мерейтойы тойланатын Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығын мерекелеудің алғашқы шараларының бірі болып табылады.

Іс-шара қажетті санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті.