Тәуелсіздік күні қарсаңында Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков 30 көпбалалы отбасына пәтер кілтін табыс етті.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков 30 көпбалалы отбасына пәтер кілтін табыс етті.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков 30 көпбалалы отбасына пәтер кілтін табыс етті. Жыл соңына дейін кезекте тұрған 90 адам тұрғын үй алуы тиіс. 45 пәтерлі екі үй пайдалануға беруге дайын.

- Жыл соңында көпбалалы аналарға пәтер кілтін тапсыру игі дәстүрге айналды. Сіздің үйлеріңіз әрқашан ашық және жайлы болсын! –деп Балқаш қаласының басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтады.

- Мен бес баланың анасымын. Бір жыл бұрын қала әкімінен көмек сұрадым. Маған зауыт жатақханасында уақытша тұруға көмектесті. Міне, араға бір жыл салып үш бөлмелі пәтер алдым. Үлкен рахмет! – деп жаа баспана иесі Бақыт Ақжан алғыс айтты.

Сейфуллин көшесіндегі бес қабатты үй ұзақ уақыт бойы қараусыз қалған. Осы жылдың жазында жергілікті инвестор пәтерлердің орналасуын көп балалы отбасыларға бейімдей отырып, ғимаратты қалпына келтіруге кірісті. Бұл Балқаштағы бір бөлмелі пәтерлері жоқ жалғыз үй, мұнда тек екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлер бар. Құрылысшылар 5 ай ішінде ғимаратты қалпына келтірді. Сонымен қатар коммуникациялар жүргізілді.

Үйдің қасбеті отбасы тақырыбындағы муралмен безендірілген. Аула абаттандырылды: корт жөнделді, орындықтар қойылды, тас төселді және жол асфальтталды.

Сондай-ақ, үйдің жанында алаң бар. Жақында оны да абаттандыру жұмыстары аяқталады.