Балқаш-1 станциясының тұрғындарымен кездесу өтт

Балқаш-1 станциясының тұрғындарымен кездесу өтт

Бүгін Балқаш қаласының әкімі Саян Мұратұлы Балқаш-1 станциясының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, №5 қазандықты іске қосу, аумақты абаттандыру, инфрақұрылымды дамыту, экологиялық жағдай және басқа да маңызды мәселелер көтерілді. Әрбір мәселе бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері жұмысқа алынды.

Сонымен қатар қала әкімі Балқаш-1 станциясының аумағын аралап, қазіргі жағдайымен танысты. Қоғамдық кеңістіктер мен назар аударуды қажет ететін нысандар қаралды. Жергілікті жерде анықталған мәселелер бойынша жауапты қызметтерге нақты тапсырмалар берілді.

Тұрғындармен тұрақты әрі ашық диалог орнату – өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешудің маңызды тетігі. Кездесу барысында көтерілген барлық мәселелер мен берілген тапсырмалардың орындалуы әкімнің жеке бақылауында болады.