
Бүгін Балқаш қаласының әкімі Саян Мұратұлы қаланың ақсақалдары және құрметті азаматтарымен кездесті.
Кездесу барысында қала дамуының алдағы бағыттары талқыланып, аға буын өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Ақсақалдардың өмірлік тәжірибесі, парасатты пікірі мен туған қалаға деген жанашырлығы қаланың одан әрі дамуына бағытталған шешімдер қабылдауда маңызды орын алады.
Кездесу ашық әрі мазмұнды пікір алмасу форматында өтті. Ақсақалдар мен құрметті азаматтар Балқаштың дамуына қатысты өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін ортаға салды. Айтылған барлық ұсыныстар жан-жақты қарастырылып, алдағы жұмыста ескерілетін болады.
Қаланың өркендеуі – ортақ мақсат. Сондықтан аға буынның ақыл-кеңесі мен өмірлік тәжірибесіне әрдайым құрметпен қарап, олардың пікірін ескере отырып жұмыс жүргізу маңызды.
Қала әкімі ақсақалдар мен құрметті азаматтарға мазмұнды кездесу, құнды ұсыныстары мен қолдаулары үшін алғыс білдірді.