Саяқ кентіндегі ауыз су жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Саяқ кентіндегі ауыз су жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Балқаш қаласының әкімі Саян Мұратұлы жұмыс сапарымен Саяқ кентіне барып, тұрғындарды көп жылдан бері толғандырып келе жатқан ауыз су мәселесінің шешілу барысымен танысты.

Қазіргі таңда кентте ауыз су жүйесін жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жоба аясында жалпы ұзындығы 50 шақырымды құрайтын су құбырлары ауыстырылады. Бұл – Саяқ кентінің инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртып, тұрғындарды сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жоба.

Нысанда мердігер ұйым жұмыс жүргізуде. Тұрғындар ұзақ жылдар бойы күткен бұл мәселе сапалы әрі белгіленген мерзімде толық шешімін табуы тиіс. Осыған байланысты мердігер ұйымға жұмыстарды жоғары жауапкершілікпен орындап, құрылыс сапасы мен белгіленген мерзімдерді қатаң сақтау тапсырылды.

Жұмыс сапары аясында Саяқ кентінің тұрғындарымен кездесу өткізіліп, олардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелері тыңдалды. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Халықпен ашық диалог орнату және тұрғындарды толғандырған мәселелерді кезең-кезеңімен шешу – басты міндеттердің бірі.