Балқашта өтетін Balkhash Tour Fest – 2026 фестиваліне дайындық қызу жүргізілуде!

Балқашта өтетін Balkhash Tour Fest – 2026 фестиваліне дайындық қызу жүргізілуде!

Балқаш жағалауында өтетін Balkhash Tour Fest – 2026 фестиваліне дайындық қызу жүріп жатыр. Фестиваль 19-20 маусым күндері Ақшағыл кентіндегі Рембаза аумағында өтеді және өңірдің ең ірі туристік іс-шараларының бірі саналады.

Биыл ұйымдастырушылар қонақтар үшін танымал қазақстандық әртістердің қатысуымен концерттер, спорттық жарыстар, жәрмеңкелер, фудкорттар мен отбасылық демалыс аймақтарын дайындауда.

Маусымның басты ерекшелігі – фестиваль алаңы жаз бойы жұмыс істейді. Мұнда концерттер, спорттық және ойын-сауық шаралары ұйымдастырылып, тұрғындар мен туристер үшін тартымды демалыс орнына айналады.

Сонымен қатар, фестиваль аумағындағы жаңа аллеяға тамшылатып суару жүйесі орнатылды. Бұл жасыл желектерді күтіп-баптауға және демалыс аймағын одан әрі көркейтуге мүмкіндік береді