Балқаш жағалауында жаңа туристік жобаларға арналған 14 гектарлық индустриялық аймақ ашылды!

Балқаш жағалауында жаңа туристік жобаларға арналған 14 гектарлық индустриялық аймақ ашылды!

Балқаш жағалауында туристік жобаларды жүзеге асыруға арналған 14 гектарлық индустриялық аймақ ашылды. Инвесторларға дайын инженерлік инфрақұрылымы бар жер телімдері ұсынылып, бұл құрылыс жұмыстарын жедел бастауға мүмкіндік береді.

Жаңа алаңның алғашқы резиденті Premium Villa Balkhash туристік кешені болды. Сонымен қатар, өңірде басқа да туристік жобаларды іске асыру жұмыстары жалғасуда.

Жоба Балқаштың туристік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын құруға және инвестиция тартуға бағытталған.