Балқаш әуежайы жаңартылып, жолаушыларды қабылдауға дайын!

Балқаш әуежайы жаңартылып, жолаушыларды қабылдауға дайын!

Жаңартылған Балқаш әуежайы алғашқы рейстерін қабылдап, жолаушылар үшін қайта ашылды. Ауқымды реконструкция нәтижесінде әуежайдың инфрақұрылымы толық жаңартылып, заманауи талаптарға сай жабдықталды.

Енді Астана бағыты бойынша рейстерді Qazaq Air күн сайын, ал Алматы бағыты бойынша SCAT әуе компаниясы аптасына алты рет орындайды.

Әуежайда жаңа күту және ұшу залдары, заманауи тексеру жүйесі, багаж конвейері мен электронды таблолар орнатылған. Сондай-ақ жолаушыларға арналған ана мен бала бөлмесі, медициналық кабинет және туристік ақпараттық орталық жұмыс істейді.

Жаңғырту жұмыстары өңірдің туристік әлеуетін арттырып, Балқашқа келушілер үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.