
Бүгін Балқаш қаласында өткен аппараттық кеңесте қала әкімі кадрлық өзгерістер туралы хабарлады.
Балқаш қаласы полиция бөлімінің бастығы болып Сметов Азамат Сметұлы тағайындалды.
Қала әкімі оның құқық қорғау саласында мол тәжірибесі бар екенін атап өтті. 2019 жылы Тоқырауын кентінің полиция бөлімшесінің бастығы болған. 2019–2023 жылдары Балқаш қаласы полиция бөлімінің бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2023–2024 жылдары ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінде қаржыландыруға қарсы іс-қимыл тобының аға жедел уәкілі болды. Кейін осы департаментте аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкіл қызметін атқарды.
2024–2026 жылдары Приозерск қаласы полиция бөлімінің бастығы болды.
Кеңес барысында қала әкімі Азамат Сметұлына жаңа қызметінде табыс тіледі.