
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Балқаш қаласында «Таза аула» акциясы жалғасуда.
18 сәуір санитарлық тазалық жұмыстарына Шұбартүбек, Торанғалық және Борковский елді мекендеріндегі бизнес өкілдері қатысты. Қатысушылар өз аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізіп, іргелес аумақтарды ретке келтіріп, қаланы абаттандыруға өз үлестерін қосты.
Аталған акция «Таза аула – таза қала» қағидасы аясында өткізіліп, тазалық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағытталған.
Осындай бастамалар бизнес өкілдерінің белсенді ұстанымын және қала тазалығын сақтауға қосқан үлесін көрсетеді.