Туристік маусымға дайындық және «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша штаб отырысы

Туристік маусымға дайындық және «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша штаб отырысы

2026 жылғы 17 сәуірде Балқаш қаласында туристік маусымға дайындық және «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша штаб отырысы өтті.

Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, әкім аппаратының басшысы,әкім кеңесшілері, Саяқ және Гүлшат кенттерінің әкімдері, мемлекеттік мекемелердің, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары, сондай-ақ құқық қорғау және бақылаушы органдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында қаланың санитарлық жағдайы, абаттандыру жұмыстарының барысы және туристік инфрақұрылымды маусымға дайындау мәселелері қаралды.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру, қызметтердің өзара үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз ету және аумақтарды бекіту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар жағажай аумақтары мен демалыс орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы шаралар талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп,олардың орындалуы бақылауға алынды.