Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау

Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау

Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау🔑

Егер сіз бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматқа күтім жасап отырған болсаңыз, онда жәрдемақы рәсімдеуге толық құқылысыз. Біз бүгінгі #oqy&toqy айдарымызда бұл жәрдемақыны ХҚО арқылы рәсімдеу жолын көрсетпекпіз.

📌Тіркелген жеріңіз бойынша ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз

📌Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз

📌Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз:

📎Қызмет алушы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтың жеке куәліктері

📎Егер мүмкіндігі шектеулі азамат іске қабілетсіз болып танылған болса, онда оның заңды қамқоршысының құжаттары

📎Егер сенімді өкілі жүгінсе, оның нотариалды расталған сенімхаты

📎Егер оралман мәртебесі бар болса, онда оны растайтын құжат

📎Қызмет алушының бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке қамқоршы ретінде белгіленгенін растайтын құжат

📎Мүмкіндігі шектеулі азаматтың мүгедектігі туралы сараптама орталығының анықтамасы

📎Жәрдемақы аударылатын есепшот жайлы банк анықтамасы

📎Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы

 

📍ХҚО-ға қызметті рәсімдеу үшін,  I топтағы мүгедек іске қабілетсіз болса, онда оның заңды өкілі немесе қамқоршысы келеді. Ал іске қабілетті болып табылған азамат өзі келуі қажет. 

⏰Қызмет көрсету уақыты – құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 7 жұмыс күні

☝️Ескерту, құжаттарды толықтыру немесе басқа да өзгерістерге байланысты жәрдемақы тағайындау уақыты 30 күнге дейін ұзартылуы мүмкін 

💰Жәрдемақы мөлшері – 45736 теңге

☝️Ескерту, бұл жәрдемақы, I топтағы мүгедектігі бар кәмелет жасына толған, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың күтушілеріне тағайындалады.