
Балқаш қаласында «Amanat» партиясы Балқаш қалалық филиалының атқарушы хатшысы лауазымына тағайындалған жаңа басшы қала активіне ресми түрде таныстырылды.
Жиынға «Amanat» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Қомарұлы Алтынбеков, Облыстық Саяси кеңестің мүшесі Айман Бекболатқызы Түкбаева, Балқаш қалалық мәслихатының төрағасы, депутаттық корпус өкілдері, мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қала активі және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Аталған қызметке Дидар Мұратұлы тағайындалды. Жаңа атқарушы хатшыны қала активіне Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Қомарұлы Алтынбеков таныстырды.
Бекзат Қомарұлы өз сөзінде партия жұмысының алдағы стратегиялық бағыттарына кеңінен тоқталып, өңірде нәтижеге бағытталған, халықпен тығыз байланысқа негізделген қызметтің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ол конституциялық реформалардың мәнін түсіндіріп, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен азаматтардың құқықтарын қорғау – партияның басты міндеттерінің бірі екенін жеткізді.
Облыстық Саяси кеңестің мүшесі Айман Бекболатқызы Түкбаева партияның қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтудағы рөліне тоқталып, Дидар Мұратұлына жауапты қызметінде табыс пен нәтижелі еңбек тіледі.
Кездесу соңында жаңа тағайындалған атқарушы хатшыға сәттілік тілініп, партияның өңірдегі жұмысын одан әрі нәтижелі жүзеге асыруға ниет білдірілді.