Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының Балқаш қаласына жұмыс сапары

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының Балқаш қаласына жұмыс сапары

Балқаш қаласында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Маргулан Топашевич Аманбаевтың жұмыс сапары өтті.

Сапар барысында жеке құраммен жиналыс өткізілді, онда қызметкерлерге алғашқы офицерлік шендер берілді. Бұл – жас офицерлердің кәсіби қалыптасуының маңызды кезеңі, олардың жауапкершілігі, тәртібі және қызметке адалдығын растайтын оқиға.

Сонымен қатар, қызметтік іс-әрекетінде ерекше көзге түскен қызметкерлерге құрмет грамоталары мен медальдар табыс етілді. Сондай-ақ, төтенше жағдайларды алдын алу және жою жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер марапатталды.

Ерекше жағдай ретінде Балқаш қаласының әкімі Сапар Қаиркенович Сатаевқа «Қазақстан Республикасы ТЖМ-ның 30 жылдығы» мерейтойлық медалі табысталды. Бұл марапат қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді үлес қосқаны үшін берілді.

Осындай жұмыс сапарлары бөлімдер арасындағы өзара әрекетті күшейтуге, бірліктің дайындығын арттыруға және азаматтық қорғау жүйесінің одан әрі дамуына ықпал етеді.