Әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен профилактикалық кездесу

Әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен профилактикалық кездесу

Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Еркебұлан Рысқұлбек Балқаш қаласы әкімдігі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тәртіпті сақтауы, қызметтік әдеп нормаларын ұстануы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын орындауы бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу, мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтық, айқындық және есептілік қағидаттарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін атқару кезінде де, қызметтен тыс уақытта да мінез-құлық талаптарын сақтау қажеттігі атап өтілді. Әрбір қызметкердің заң талаптарын сақтау және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастырудағы жеке жауапкершілігі ерекше айтылды.

Сонымен қатар, қызметтік міндеттерді сапалы әрі жауапкершілікпен орындаудың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қараудың, кәсіби деңгей мен құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығы сөз болды.

Іс-шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері бойынша пікір алмасты.