Балқаш қаласында «Сары Казна» ЖШС-нің 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті

Балқаш қаласында «Сары Казна» ЖШС-нің 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті

Бүгін Балқаш қаласында «Сары Казна» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тіркелгеніне 20 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында «Сары Казна» ЖШС ұжымын мерейтоймен құттықтап, қала дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірілді. Өз қызметі барысында серіктестік өзін сенімді әрі әлеуметтік жауапкершілігі жоғары әріптес ретінде танытып, Балқаш қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді.

Компания жүзеге асырған әлеуметтік жобалар қатарында М.Хамзин атындағы Мәдениет сарайы маңында және Қоңырат шағын ауданында балалар мен спорт алаңдарын салу, «Үлкен жүрек» даму және әлеуметтік бейімдеу орталығын, Балқаш қалалық мүгедектер қоғамының ғимаратын, «Шаңырақ» отбасын қолдау орталығын күрделі жөндеуден өткізу, JasSpace жастар интеллектуалдық-спорттық орталығын қайта жаңғырту, Қоңырат шағын ауданындағы тұрғын үйді қалпына келтіру, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру мекемелерін қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету бар. Бұл бастамалар қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолайлы жағдай жасауға және қаланың тұрақты дамуына бағытталған.

Салтанатты жиын барысында компания қызметкерлеріне алғыс хаттар мен грамоталар табысталып, естелік сыйлықтар ұсынылды.

Іс-шара соңында «Сары Казна» ЖШС ұжымына алдағы уақытта да тұрақты даму, жаңа жобалардың сәтті жүзеге асуы, қаржылық тұрақтылық пен ел игілігі жолындағы жемісті еңбек тілектері айтылды.