
Балқаш қаласындағы сайлау учаскелерінің мүшелері Дүниежүзілік сайлау күніне орай Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің бейнесұхбатыдағы еліміздегі сайлау жүйесінің реформалары, дауыс берудің ашықтығы және жастардың саяси белсенділігі туралы айтылған өзекті мәселелерін қолдайды. Нұрлан Мажитұлымен өткен сұхбат өте пайдалы және түсінікті болды. Сайлаушылардың сенімін арттыруға бағытталған реформалар, әсіресе ауылдық әкімдердің тікелей сайлануы және жастармен жұмыс күшейтілуі қуантады. Онлайн оқыту , сайлаудың ашықтығы бағытындағы жұмыстар жалғаса берсе барлық деңгейдегі комиссиялардың қызметі нәтижелі болатынына сенімдіміз