Қазақстанның сайлау жүйесіндегі жастардың рөлі

Қазақстанның сайлау жүйесіндегі жастардың рөлі

5 ақпан күні Балқаш қалалық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіндегі жастардың рөлін талқылауға арналған 10–11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Аталған іс-шара Дүниежүзілік сайлау күніне орай ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында депутаттыққа кандидаттардың партиялық тізімдерін қалыптастыру және сайлау үдерістеріне саяси партиялардың қатысу мәселелеріне ерекше назар аударылды. «AMANAT» партиясының маманы бұл тақырыпты жан-жақты түсіндіріп, жастардың демократиялық үдерістерге белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Тарих пәнінің мұғалімі И.В. Студенок оқушыларға демократия негіздері, жалпыға бірдей сайлау құқығы және тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы билікті сайлау ерекшеліктері туралы баяндама жасады.
Балқаш қалалық мәслихатының депутаты К.В.Шафикова «Қазақстанның сайлау жүйесіндегі жастар» тақырыбында пресс-тайм өткізді. Ол «AMANAT» партиясынан кандидат ретінде ұсынылуы, сайлауалды бағдарламасын әзірлеу және оның негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі жеке тәжірибесімен бөлісті. Аталған тәжірибе азаматтық белсенділік пен сайлаушылар алдындағы жауапкершіліктің жарқын үлгісі болды. Оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Кездесу барлық қатысушыларға жағымды әсер қалдырып, жас ұрпақ арасында демократиялық қоғамды дамыту және азаматтық белсенділікті арттыру мәселелеріне деген қызығушылықты арттырды.