
5 ақпан- Дүниежүзілік сайлау күніне орай әл - Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары «Өнегелі өмір» жобасы аясында «Ел қалаулысы және жас ұрпақ» тақырыбы бойынша Балқаш қалалық мәслихатының депутаты Қасымбеков Серік Төлегенұлымен кездесті.
Әрбір отбасының өз баспанасы болуы жолында, қаламызды көркейтіп, мектеп оқушыларына жыл сайын «Мектепке жол» акциясына, ел игілігіне жарар ғимараттар салуды іске асырып, ел дамуына үлес қосып жүрген - Серік Төлегенұлының өмір жолы көпке өнеге.
Оның басшылығымен осы уақытқа дейін:
1.Қаламызда мемлекеттік бағдарлама бойынша 20-ға жуық көпқабатты тұрғын үйлер салынды. Бірнеше мектептер, көптеген қоғамдық ғимараттар күрделі жөндеуден өткізілді.
2. Қаламыздағы «Күлия», «Ақбарыс», «Ақжарық», «Ақсораң» сауда орталықтары осы күнде тұрғындардың пайдалануына берілген. Аталған сауда орталықтарында жеке кәсіп иелері өз жұмыстарын жасауда.
3.«Ақтеңіз» бассейні қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие ғимарат болып, бассейн, тренажерлық зал, арнайы топтық сабақтар бөлмелерімен қамтылған.
4. Қоңырат шағын ауданының тұрғындарына арналып салынған спорт кешенінде көптеген спорт түрлеріне арналған секциялық бөлмелер бар. Бұл қаладан тысқары тұратын тұрғындар үшін өте тиімді әрі пайдалы ғимарат.
5. «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған Қаныш Сатпаев атындағы №12 орта мектеп заманауи ақпараттық технологиялық құрылғылармен жабдықталған мектеп жаңа идеялар мен білім беру үдерісіндегі ізденістің орталығына айналды.
Серік Төлегенұлы- ел сенімінен шығып, Балқаш қаласының Құрметті азаматы, «Алтын Қыран», «Бейбітшілік әлемі», «Ел ардақтысы», «Халық алғысы» марапаттарын иеленген.
Кездесуде Серік Төлегенұлы оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына мазмұнды жауап берді. Құрылысшы - архитектор мамандығын таңдап отырған 10 сынып оқушысы Жеңіс Назерке кездесуде өз ойымен бөлісіп, ойындағы жобалармен таныстырды.
Бүгінгі оқушылар – ертеңгі сайлаушылар. Сондықтан Сайлаушылар күнінде жас ұрпақтың азаматтық сана - сезімдерін қалыптастыру маңызды рөл атқарады. Ұрпақтар сабақтастығы осындай өнегеден жалғасын табары анық.