
Балқаш қаласында көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өтті.
Шара барысында Қазақстан Республикасының Президенті атынан көп бала тәрбиелеп, елге сіңірген еңбегі үшін аналарға мемлекеттік наградалар табысталды.
Іс-шара барысында 7 ана “Күміс алқа”, ал 2 ана “Алтын алқа” мемлекеттік наградасымен марапатталды. Бұл марапаттар көпбалалы аналардың қоғамдағы, отбасы мен ұлт болашағын тәрбиелеудегі еңбегін жоғары бағалау мақсатында берілді.
Рәсім барысында қала әкімінің орынбасары Сыздықов Руслан құттықтау сөз сөйлеп, аналарды атаулы наградаларымен шын жүректен құттықтады.
Бұл марапат — аналардың еңбегіне деген зор алғыстың және құрметтің белгісі.