
Тұрғын үй көмегі Балқаш қаласында және әкімшілік – аумақтық іргелес кенттерде тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғын үйі бар отбасыларға (азаматтарға) көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшері коммуналдық қызметтерді тұтыну шығыстарын төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады және тоқсан сайын тағайындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсан ішінде жүргізіледі, бұл ретте, аз қамтылған отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы жиынтық табысы және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығыстары есепке алынады.
Шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi, жалпы сома есебімен отбасының жиынтық табысына 5 пайыз мөлшерде белгіленеді және осы мөлшер аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсетудің өлшемі болып табылады.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не Уәлиханов көшесі, 5 мекенжайы бойынша №7 кабинетке немесе 8(71036) 44061 телефоны арқылы хабарласуға болады.