
25 қараша күні Балқаш қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді.
Іс-шара аясында Қазақстанның үздік заңгерлері мен қорғаушылары қала тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетеді. Балқаштықтар құқық, тұрғын үй мәселелері, еңбек қатынастары, әлеуметтік қамтамасыз ету, көші-қон, мүлік және басқа да салалар бойынша білікті кеңес ала алады.
Белгілі заңгерлермен қатар акцияға нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция және әділет органдарының өкілдері, көші-қон қызметі мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысады. Бұл тұрғындарға бір емес, бірнеше маманнан кеңес алып, жауаптардың дұрыстығын салыстыруға мүмкіндік береді. Акция Қазақстанның барлық өңірінде бір мезгілде өтеді.
Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға өз құқықтарын қорғау жолдарын түсіндіру және шешімін таппай жүрген даулар бойынша кәсіби кеңес беру.
«Халық заңгері» акциясының өтетін орындары:
1. «Ашық әкімдік» ғимараты (Қараменде би көшесі, 15) — 15:00
2. Гүлшат кентінің мәдениет орталығы (клуб) — 15:00