
Балқаш қаласының әкімі Сапар Сатаев жұмыс сапары аясында Саяқ кентінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Есепті кездесуде Саяқ кентінің әкімі Нариман Құдайберлин ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, келесі жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Есептен кейін «Ашық микрофон» форматында халықпен еркін пікір алмасу өтті. Тұрғындар әлеуметтік-тұрмыстық жағдай, инфрақұрылым және өзге де өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойды.
Кездесу қорытындысы бойынша қала әкімі тиісті бөлім басшыларына көтерілген мәселелерді шешу жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Сапардың соңында Сапар Сатаев кенттегі ауруханаға барып, медициналық қызметкерлермен кездесті. Әкім мекеменің қызмет барысын талқылап, дәрігерлерге адал еңбектері мен денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.