Қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктантты өткізу мәселесіне арналған жиналыс өтті

Қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктантты өткізу мәселесіне арналған жиналыс өтті

Бүгін Балқаш қаласында қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктантты өткізу мәселесіне арналған жиналыс өтті.

Диктант 10–20 қазан аралығында Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен, Halyk Bank және «Аманат» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында ұйымдастырылады.

Іс-шараның мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Жиналыс барысында тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қатысушыларды кеңінен қамту және онлайн форматтағы AML Academy платформасы арқылы диктантқа қатысу тәртібі түсіндірілді.

Қорытындысы 22–25 қазан аралығында шығарылады.